АУДАН ӘКІМІ ЖАҢАДАРИЯ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕСЕТ БАТЫР АУЫЛДАРЫНДА БОЛДЫ

189

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.


Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжанов Жаңадария, Аламесек, Еңбек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның биылғы жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен 2023 жылғы міндеттері туралы айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Халықпен кездесу барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарына ауданда атқарылған жұмыстармен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сапарын Жаңадария ауылынан бастаған аудан басшысы ең алдымен ауыл ақсақалдарымен және тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар ауылдағы канал мәселесін, халықты тұрақтандыру қажеттігін ортаға салды. 
Тұрғындарды мұқият тыңдаған аудан басшысы  айтылған мәселелердің барлығы тікелей бақылауында болатындығын айтып, жауапты сала басшыларына тиісті шараларды жүргізуді жүктеді. Асқарбек Есжанов ауыл тұрғындары тарапынан көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселе балалар ойын алаңының келесі жылы салынатынын, балалардың қуанышынан артық ештеңе жоқ екендігін жеткізді.

Одан соң аудан әкімінің сапары Аламесек, Еңбек ауылдық округінде жалғасты. Бұл ауылдарда да жергілікті тұрғындармен жүздесіп, өзекті деген мәселелерге құлақ түрді. Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы жылы атқарылатын жұмыстармен бөлісті. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.