Келесі жылы игерусіз жатқан 5 млн гектар жер мемлекетке қайтарылмақ

210

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

2023 жылы пайдаланылмай жатқан 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылатын болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Пайдаланылмаған және заң талабына қайшы берілген 5 миллион гектар жерді жыл соңына дейін қайтару туралы Президент тапсырмасы бар. Бұл тапсырма орындалды. Келесі жылы да соншама жер мемлекетке қайтарылады, - деді Р. Скляр.

Сонымен қатар ол жайылым тапшылығы мәселесіне тоқталды.

Мемлекетке қайтарылған, мемлекет мұқтажы үшін алынған жерлер есебінен ауылдардың шекарасы кеңейіп келеді. Жайылымдық жерді кеңейту үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарымен олардың жайылымдық жерлерін уақытша пайдалану туралы меморандумдар жасалып келеді. Жеке қосалқы шаруашылықтарға да жайылым беру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл игерілмей жатқан 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.