Журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунікке үкім шықты

266

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Білім бөлімінің басшысы мен оның қарамағындағылар газет редакторына қастандық жасаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл іс бойынша үкімді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қасым Қалмағамбетов жариялады.

Қылмысты ұйымдастырушылар мен орындаушылар: Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Бауыржан Майрихов - 11 жыл 3 айға, оның бұрынғы қарамағындағы Сабырқожа Молдаходжаев - 11 жылға, Абдухамид Қуандықов - 13 жылға, Мейіржан Досболовқа – 12 жыл, Нұрғали Қыдыралиев – 12 жыл 6 айға сотталды. Олардың барлығы қатаң тәртіптегі мекемеде жазасын өтейді.

Үкімке 15 күннің ішінде шағымдануға болады.

Айта кетсек, биыл қаңтарда белгілі журналист Амангелді Батырбековтың үйіне киллер келіп, мылтықпен оқ атқан. Бірақ жалдамалы жендет журналисті оны ұлымен шатастырып алған. Осының салдарынан бірнеше оқ тиген жігіт ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен. Көп ұзамай шабуыл жасағандар ұсталды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.