Қызылордада қатты желдің салдарынан мектеп шатыры ұшып кетті

364

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында қатты желдің әсерінен мектеп-лицейдің шатыры ұшып кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Оқиға 27 қарашада күні сағат 21:00 шамасында аудан орталығы Жалағаш кентіндегі М. Шәменов көшесінде орналасқан Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейде болды. Қатты желдің әсерінен мектептің шатыры құлаған.

Қазіргі таңда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Бұл бағытта шұғыл шаралар қабылдануда. Адам шығыны жоқ. Нысанның барлық аумағына кезекшілік қойылып, бақылауға алынды. Сондай-ақ, аудан әкімдігі тарапынан барлық әлеуметтік нысанға кезекшілік қойылған, - деп мәлім етті аудан әкімдігінен.


Ведомство мәліметінше, 28-30 қараша аралығында мектептегі сабақ тоқтатылған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.