Пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

266

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қытайдың Тайань қаласының (Шандун провинциясы) соты Қытайдың Ляонин провинциясының халықтық саяси консультативтік кеңесі комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Ли Вэньсиді 540 миллион юаньнан астам пара алғаны үшін өлім жазасына кесті, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Синьхуа басылымына сілтеме жасап.

Үкім екі жылдан кейін орындалуы тиіс. Ли Вэнси саяси құқығынан айырылып, барлық жеке мүлкі тәркіленді.
Соттың мәліметінше, 2004-2021 жылдар аралығында шенеунік өзінің қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, ақша жымқырған.
Сотта Ли Вэнсидің алған сомасы ерекше ауырлататын жағдай ретінде бағаланды. Судьяның айтуынша, оның қылмысы мемлекет пен халықтың мүдделеріне елеулі зиян келтірді.
Ли Вэнси кінәсін мойындап, жымқырған ақшаны қайтарды. Сондай-ақ сыбайластыққа қатысы бар күдіктілерді ұстауға көмектескен. Осыған байланысты оған үкім жеңілдетілді.
Екі жылдық кейінге қалдырудан кейін шенеунік шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігінсіз өмір бойы түрмеге қамалады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.