Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылды

219

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Конституциялық соттың ресми сайтында тұңғыш президент туралы заңның күші жойылған қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады, - делінген қаулыда.


Конституциялық сот 2022 жылдың 5 маусымындағы республикалық референдумнан кейін осы Конституциялық заңның қолданыстағы заңнамада сақталуы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңаланған редакциясымен келіспейді деп пайымдаған.

Қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ шешім түпкілікті саналады және шағымдануға жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін Тұңғыш президент туралы заңның күшін жоятын түзетулер Мәжіліс қарауына шығарылғаны хабарланды.

2022 жылдың 8 маусымындағы Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстанның Тұңғыш президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Конституциямен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.