Қызылордадағы кафе, барларда кальян шеккен 30 азамат айыппұл арқалады

506

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада кафе, барларда кальян шеккен 30 азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Қызылорда қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты болдырмау мақсатында рейдтік іс-шараларды күнделікті өткізеді.
 

“Кальян” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары рейд жүргізді. 

Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-бөлігімен 30 азаматқа әкімшілік хаттама рәсімделді. 

Сонымен қатар 6 ойын-сауық орнының иесіне осы кодекстің 441-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Ойын-сауық орталықтары, кафе иелеріне қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен кальянды тұтынуға тыйым салу туралы ескерту парақтары таратылды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.