Мектептен өрт шығып, зардап шеккендер жансақтау бөліміне түсті

229

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Оралдағы мектептен өрт шығып, күзетші ауруханаға түсті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 31 қаңтарға қараған түні Д.Қонаев шағынауданында болған.

Сағат 00.05-те ТЖ департаментінен №28 мектептің екінші қабаты түтіндеп жатқаны жөнінде хабар түскен. Полиция қызметкерлері келген кезде сыныптағы электр қалқанның тұйықталғаны анықталды. Өртті сөндірмек болған аталған мектептің күзетшісі газдан уланған. Кейін ол қалалық ауруханаға жеткізілді. Күзетші газдан уланған деген диагнозбен жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, 30 қаңтар күні сағат 23.59-да 1992 жылы салынған №28 мектеп-лицейдің екінші қабатындағы №45 оқу кабинетінде жиһаз жанды.

Өрт аумағы 15 шаршы метрді қамтыды. Өрт орнынан №48 оқу кабинеті алдынан мектепте күзетші болып жұмыс істейтін 1957 жылғы ер адам табылды.

Оған алғашқы көмек көрсетіліп, қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Газдан уланған күзетшінің жағдайы ауыр. Өрт сағат 00.37-де оқшауланып, 00.40-та толықтай сөндірілді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.