Жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталмай жатып аяқталды

426

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Автонесиеге онлайн өтініш беру платформасы басталмай жатып өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Банк мәліметінше, платформа сағат 10:00-де жұмыс істей бастағаннан 761 қазақстандық небәрі 18 секундта өтінішін тіркеп үлгерген. Autonesie.kz платформасы іске қосылған алғашқы минутында-ақ сайтқа 125 мың адам кірген. 

Айта кетерлігі, autonesie.kz сайты осынша жүктемені көтеріп, үміткерлер тізімін жасай алған. Лимиті біткен соң өтініш қабылдау автоматты түрде тоқтатылып, «өтініш беру» функциясы істемей қалды. 

Өтініш беру барысында кей қолданушының автоөндірушіні таңдай алмауы да лимиттің таусылып қалуына байланысты екенін хабарлады.


Айта кетерлігі, келесі өтінім наурыз айында тағы ашылады да, ай сайын жалғасып отырады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңілдетілген автонесие бағдарламасында қайтарымды қаражат негізінде ай сайын электронды платформада 100-ден астам өтініш тіркеуге мүмкіндік болады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.