Қызылорда облысында ірі күріш өндірушілерге қатысты тергеу басталды

841

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысындағы күрішті қайта өңдеуші-өндірушілерге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеруді бастады, деп Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстанда 2022 жылы күріш бағасы 36% қымбаттады. Қазіргі уақытта бағаның өсуі жалғасып жатыр, жыл басынан бері – 5,2%.


Күріш өңдеуші өндірушілердің айтуынша, өсім шикізат бағасы (шала-тазартылмаған күріш) және ең төменгі жалақының өсуімен байланысты.


Осы нарықта күрішті өңдеп-өндірумен 20-дан астам субъекті айналысады. Ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер судың азаюы (ҰСБ деректеріне сәйкес 10%-ға), тыңайтқыш қосалқы бөлшектер, жанар-жағармайдың қымбаттауы салдарынан күріш алқаптары қысқарғанын хабарлады.


БҚДА күріш нарығына талдау жүргізіп, шикізат бағасының ең жоғары өсуі 2022 жылғы мамырда - 16%-ға, 2022 жылғы қыркүйекте 19%-ға төмендегенін анықтады. Сонымен қатар күріш өңдеуші-өндірушілердің қойған бағасы орта есеппен 25% өскен.


Нәтижесінде БҚДА Қызылорда облысының өндірушілері күріш бағасын бір мезгілде ұстап тұрғанын анықтады.
Осыған байланысты, БҚДА Қызылорда облысындағы күріш өндірушілерге қатысты келісілген іс-қимылдар бойынша 6 ескерту және Солтүстік Қазақстан облысындағы күрішті көтерме сатушының үстем жағдайды теріс пайдаланып, тең мәнді келісімдерге әртүрлі бағаны қолданғаны анықталған соң, 1 ескерту берілді.


Солтүстік Қазақстан облысының күрішті көтерме сатушысы хабарламаны орындап, бағаны 5%-ға төмендетті.
Ал Қызылорда облысында күрішті өңдеуші-өндірушілерге қатысты хабарламаны орындамау фактісі бойынша тергеп-тексеру тағайындалды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.