Отандық спортшы қаңғыбас иттердің күтіміне қаражат аударды

197

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Теннисші Елена Рыбакина қаңғыбас иттерге арналған қамқорлық орталығына қаражат жіберді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Құрметті достар, бізге күтпеген жерден келген ерекше қуанышты жаңалықпен бөліспесек болмады. Елімізге ең танымал әрі талантты теннисші Елена Рыбакина бізге қиын сәтте қол ұшын созды. Кеше біз 10 тонна макарон сатып алдық. Қуанышымызда шек жоқ. Еленаға шексіз алғыс айтамыз, - деп жазылған «СтопОтлов» волонтерлік қозғалысының Instagram парақшасында.


Волонтерлік қозғалыс өкілдері Елена Рыбакинаға игі тілектерін білдірген. Сондай-ақ, теннисшіні қаңғыбас иттер орталығына шақырады. Ал, спортшының қайырымдылыққа қанша қаражат аударғаны нақтыланбаған.

Еске салайық, биыл қаңтарда Елена Рыбакина әлемнің 10-ракеткасы атанған. Алған ақшасының бір бөлігін Елена қаңғыбас иттердің қамқорлығына аударатынын былтыр айтқан еді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.