Полиция қызметкері лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, саудагерлерден ақша жинаған

245

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

«Алтын орда» базарында саудагерлерден заңсыз ақша алып отырған полицейлер сотталды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Орымбетовтың айтуынша, өткен жылдың соңында полиция қызметкерлерінің базарда заңсыз қызметпен айналысқаны белгілі болған.

Олар лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалана отырып, «Алтын орда» базарында жалпы қамқорлығы және қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен алшақтатқаны үшін сауда қызметкерлерінен ақша жинауды ұйымдастырған.

Осылайша базар аумағында әлеуметтік шиеленіс туғызған.

Айта кету керек, полицейлердің бірі атыс қаруын қолдану арқылы антикор қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен 3 учаскелік полиция инспекторының 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді,- дейді Серік Орымбетов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.