Тележүргізуші туған қаласы Семейдің ескіріп кеткеніне күйінді

488

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ДаулеттенБлогер, тележүргізуші Дәулет Мұқаев Семей қаласының ескіріп кеткеніне күйінді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында туған қаласына көңіл бөлінбей жатқанын ашына жазды.


Блогер Instagram-да Семейдің қазіргі жай-күйі туралы қалың оқырманын хабардар етті. Айтуынша, Семей қазір жетім баланың күйін кешуде. 


"Қазақстанда бірнеше қала болса, соның ішінде жетім баланың күйін кешіп жүрген бір қала бар. Ол - Семей. Кезінде Алашорданың астанасы болған қалаға бүгінде бюджеттен ақша дұрыс бөлінбейді. Тіпті, басшылар қаламызға "тарихи қала" деген статус беріп, одан сайын ескіртіп жібергендей. Менің туған қалам облыс орталығы болуға әбден лайық-ақ...", - деп жазды ол желідегі парақшасында. 


Дәулет Мұқаевтан желідегі оқырманының бірі Семейде қыдырып баруға тұрарлық жерлерді сұраған. Алайда блогер бұл сұраққа жауап таппай қиналғанын жеткізді. 


"Бір оқырманым Семейдегі баратын жерлерді сұрап жазыпты. Демалыс күндері Абай музейі де жабық-ау. Есімде бары 2000 жылдардың басында супер көпір салынып еді. Қазір оның да тозығы жетті. Бірақ оны біз әлі күнге дейін "жаңа көпір" дейміз. (...) Ал қаланың жолдары болса тесік-тесік. Ана Әзірбайжандағы соғыс көрген Таулы Қарабақ жолдары ондай емес еді", - дейді блогер ашынып. 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.