Қызылордада қызметін асыра пайдаланған полиция бастығының орынбасары жазаланды

621

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада қызметін пайдаланып, баласының кінәсін жылы жауып қоймақ болған полиция бастығының орынбасары қатаң жазаланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Биыл 7 наурызда Қызылорда қаласындағы "Тарлан" спорт кешенінде екі кәмелетке толмаған бала арасында жанжал шығып, салдарынан 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шекті. Сол кезде жоғары лауазымды полицейдің баласы оны ұрды деп айыпталған.


"Ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіргені үшін қалалық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасарына тәртіптік шара қолданылды - қатаң сөгіс. Бұл шенеуніктің Қызылордадағы "Тарлан" спорт кешені алдында жасаған әрекеті қоғам тарапынан қатаң сынға ұшырады және тәртіп сақшысына сай емес", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.


Қызылорда полициясында осы оқиғадан кейін қалалық ішкі істер басқармасы бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Елдей Сейілханға қатысты қызметтік тергеу басталды.


"ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеу басталды. Жаттықтырушыға қатысты қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген ("Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау"). Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.


Еске салайық, бұған дейін зардап шеккен жасөспірімнің анасы редакциямызға «полиция полковнигі қызмет бабын асыра пайдалануда» деп шағымданған болатын.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.