Қызылордада жасөспірімді жүк көлігі қағып, мерт қылды

353

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда қаласында жасөспірім қызды жүк көлігі қағып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Қызылорда қаласы көшелерінің бірінде «КаМАЗ» жүк көлігі жасөспірім қызды қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.


«Кінәлі жүргізуші ұсталып, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Онда көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр», - деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығының орынбасары Бағдат Жансұлтанов.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.