«Атамекен» ҰКП экс-басшысы 13,3 млрд теңгені қалтаға басқан

158

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

«Атамекен» ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов пара алу ісі бойынша қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абылай Мырзахметовтың ұсталу фактісін растап, мән-жайды түсіндірді.


«10 мамырда Антикоррупциялық қызмет «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметовті ұстады. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктеледі. Күдікті Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген Антикор хабарламасында.


Ведомство қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде.


«Сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілері туралы Антикоррупциялық қызметке және Call-орталыққа 1424 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз. Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – деп атап өтті Антикоррупциялық қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов.


Айта кетейік, пара сомасы шамамен 13,3 миллиард теңгені (30 миллион доллар) құрайды.


Еске салсақ, Мырзахметов «Атамекен» ҰКП- 2013 – 2022 жылдар аралығында басқарған болатын.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.