Әріптесін бауыздаған қасапшы 11 жылға сотталды

130

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркістандағы мал базарында өз әріптесін бірнеше жерінен пышақтаған 30 жастағы еркек  11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қанды қылмыс биыл ақпан айында болған. Мал союға таласып қалған қос жігіт жұрттың көзінше төбелескен. Бірнеше мәрте соққы алып таяқ жеген күдікті мал соятын пышақпен қарсыласының аяғын жарақаттап, одан соң тамағын орып жіберген.


Бауыздалған 31 жастағы жігіт сол жерде көз жұмыпты. Марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы мен әйелі қалды. Қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары ауыр қылмыс жасаған сотталушыға берілген жаза тым жеңіл деп санайды. Олар сот үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірмекші.


«ҚР ҚК 99-бабының бірінші бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін. Бірақ анасы ретінде мен қарсымын. Мен әлі де ізденемін. Әлі іштен топты шығарам, барлық дүниені шығарамын. Қашан жаным кеудемнен шыққанша, соңына дейін барамын», - дейді марқұмның анасы Құрбанкүл Дайрабаева.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.