Түркістан облысында қоқысты азық-түлікке айырбастауға болады

147

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды азық-түлікке айырбастауға болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 


Өңірдің экобелсенділері осындай тың бастаманы қолға алды. Әзірше жоба Сайрам ауданында жұмыс істеп тұр. Мұнда қайта өңдеуге жарамды қоқыстың кез келген түрі қабылданады. Шыны, пластик, алюминий шөлмектер мен полиэтилен пакет, қағаз қаптамалар да жиналады. Есесіне, салмағына қарай картоп, қарақұмық, құмшекер мен пияз сияқты әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерін ала аласыз. Қоғам белсенділері осы арқылы қоршаған ортаны таза ұстап, экологияға орасан зор пайда әкелуге болады деп есептейді.


"Біз қайта өңдеуге болатын қалдықтардың барлық түрін қабылдаймыз. Бекітілген бағасы бар, соған сәйкес айырбастаймыз. Ал қабылданған заттарды Шымкент, Кентау, Алматы қалаларындағы зауыттарға жөнелтеміз. Оған ешқандай кедергі жоқ. Барлығымен келісімшарт жасастық. Тек сұрыптап, сығымдаудан өткізуіміз керек", - деді жоба жетекшісі Владислав Голярко.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.