Қазақстандықтарға несие рәсімдеуге тыйым салынатын құжат әзірленбек

92

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстан азаматтарына кредит алуға тыйым салуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленбек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.  


Бұл туралы ведомствоның Ержан Бейсенбаевтың депутаттық сауалына берген жауабында айтылған.


Өзгерістер азаматтардың банктік қарыздармен микрокредиттерден ерікті түрде бас тарту құқығын бекітеді.


Бұл сервис "электронды үкіметтің" веб-порталында және "eGov Mobile" мобильді қосымшасында іске асырылады.


Жеке тұлғаның кредит тарихында несиеден ерікті түрде бас тарту туралы белгі болса, банктер мен микроқаржы ұйымдарына кредит беруге жеке тыйым салынады.


Ал егер өзіне тыйым салған адамға кредит берілсе, ол кредит бойынша міндеттемеден босатылады.


Ведомствоның мәліметінше, заңнамалық түзетулер қаржы нарығына қатысушылармен келісіліп қойған,қазір мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімі өтіп жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.