Полицейлер ер адамға шабуыл жасап, пышақтап кеткен

153

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Тәртіп сақшыларының соққысын жеп, пышақ жарақатын алған ер адам құзырлы органдардан әділдік сұрауда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап. 


Сұмдық жайт туралы Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны желіге жариялап, үндеу жасады. Аурухана төсегіне таңылған ер адам құзырлы органдардан әділдік сұрады.


Өзінің бейнеүндеуінде жәбірленуші бірнеше қызметкердің есімін атайды. Әділ тергеуді талап еткен аудан тұрғыны тәртіп сақшыларының істі жылы жауып тастағысы келетінін жеткізген. Ал Полиция департаменті жағдайдың анық-қанығын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.


"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел тергеу іс шарасын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ басшылығының бақылауына алынды", - деді Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.