Кентауда фаст-фуд орталығынан тамақтанған жүзге жуық адам уланып қалды

563

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті фаст-фуд орталығынан тамақтанған 92 тұрғынның уланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кентау қаласында орналасқан "Ризық-Рауаны" фаст-фуд орталығында тамақтан уланғандар саны 92-ге жеткен. 


Аталған тамақтану орнында жаппай улану жағдайы осымен 3-ші рет тіркеліп отыр. 


Қоғамдық тамақтану орнының иесі күдікті ретінде танылып, оның іс әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы бар деп танылған. Дегенмен, жәбірленушілермен татуласуына байланысты, қылмыстық іс тоқтатылғандығы жөнінде Кентау қалалық полиция бөлімі қаулы шығарған.


"Нысан қызметкерлері алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден толық өтпеген. Жұмыс жасайтын 20 қызметкердің тек 12-де ғана медициналық кітапшалары бар. Шикізат пен өнімнің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары толық емес, өнімдерді сақтау кезінде олардың тауарлық көршілестігі сақталмаған, яғни ет өнімдері, құс еті өнімдері, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, барлығы бір тоңазытқышта араласа сақталған. Қызметкерлердің жеке және арнайы киімдерін, жеке заттарын сақтауға арналған орын қарастырылмаған. Жұмыртқаны сақтауға, жуып өңдеуге арналған арнайы ыдыс бөлінбеген, өнімдердің жарамдылық мерзімдері өткен. Зертханалық зерттеуге алынған сынамалар жұмыс үстінде", - делінген Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.