Абай облысында 200 гектарға жуық жер отқа орануда

509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Абай облысы Көкпекті ауданында қамыстан тұтанған өрт 200 гектар жерге тараған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, өрт кеше сағат 11.00 шамасында болған.


Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртенді. Оқиға орнына қарауылдау жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу шықты, - делінген хабарламада.


«Елдімекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.


Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.