Елімізде балалар паспортының бағасы арзандамақ

580

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

2024 жылдан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттік паспорт үшін мемлекеттік баж 4 айлық есептік көрсеткіш – 13 800 теңге болмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"ҚР азаматының 24 беттік паспорты - 4 АЕК (16 жасқа дейінгі балалар үшін), 48 беттік - 12 АЕК", - делінген құжатта.


Тиісті бұйрыққа ішкі істер министрі 30 маусымда қол қойды.


36 беттен тұратын стандартты паспорт үшін мемлекеттік баж өзгеріссіз қалады, яғни 8 АЕК немесе 27 600 теңге.


Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК - 690 теңге болды.


Алайда ол жоғалған жағдайда бір жыл ішінде екі реттен артық алған кезде 1 АЕК - 3 450 теңге төлеуге тура келеді.


Құжатты жалпы тәртіппен 15 жұмыс күні ішінде алуға болады.


Дегенмен қосымша ақыға процесті жылдамдатуға болады:

  • Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында жеделдіктің I санатымен – бір жұмыс күнінде құжат алуға болады. Ал II санат бойынша – үш жұмыс күнінде алуға болады.
  • Облыс орталықтарында паспортты жедел алудың I санаты бойынша үш жұмыс күнінде, II санаты бойынша бес жұмыс күнде алуға болады.
  • Облыстардың аудандары мен қала тұрғындары жедел түрде төлқұжат алатын болса, ІІІ санаты яғни жеті жұмыс күнінде құжаты дайын болады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.