Қамаудағы Күдебаев камера ішінде мерекелік дастархан жайып, телефон пайдаланған

155

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Абақтыда отырған Алматы облыстық полицияның экс-бастығы Серік Күдебаев камера ішінде мерекелік дастархан жайған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті камерада мереке өткізген фотосуретіне түсініктеме берді. Мәлімдеуінше, Күдебаев үйден әкелінген тамақты ішуге құқылы.


"ІІМ-нің бұйрығымен бекітілген Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандар сәлемдеме ретінде жіберілген немесе жақындары әкелген тамақты алуға құқылы. Олар бос уақытында отрядтардың арнайы бөлінген мекемесінде тамақ ішуге құқылы", – деді ҚАЖ баспасөз қызметі.


Комитеттің айтуынша, оған фотодағы тамақтарды туыстары әкелген.


"Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №22 мекемесінде сотталғандар туыстарынан алғаны анықталды. Тексеріс барысында тыйым салынған өнімдер, яғни алкогольдік ішімдіктер анықталған жоқ", – деп пайымдады ведомоствосында.


Алайда сотталушы телефонды пайдаланғаны үшін тергеу басталған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.