Бұдан былай жемқорлардың тізімі көпшілікке жария болмақ

1 481

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жемқорлық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Шығыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды. 


Антикордың мәліметінше, ол тізімде жемқорлық үшін сотталған адамның барлық дерегі қамтылады. Бұл жұмыс берушілерге әлеуетті үміткерді тазалық пен адалдыққа тексеруге мүмкіндік береді.


Сондай-ақ Парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралып жатыр. Пара беру ұсынысы деп ауызша немесе жазбаша, оның ішінде электрондық нысанда пара беру туралы анық және түсінікті сөз, ал пара беру уәдесі деп пара беру уақыты, орны, тәсілі туралы хабарлама айқындалатын болады.


Заңдарға енгізілген бұл өзгерістер жемқорлыққа қарсы іс-қимылға елеулі үлес қосады. Сонымен қатар, олар ГРЕКО, ЭЫДҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың ұсынысымен дайындалған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.