Ер адам екі баласы бар әйелді өлтіріп, үйін өртеп жіберген

1 229

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы облысында ер адам екі баласы бар әйелді өлтіріп, үйін өртеп жіберген, - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі "Адырна" сайтына сілтеме жасап.  

Жантүршігерлік оқиға Алматы облысы Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінде болған. Салдарынан өртенген үйден үш адамның мәйіті табылған. Оқиғаға қатысты Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, 14 қыркүйекте сағат 23:24-те Іле ауданының Полиция басқармасына Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің біріндегі өрттен кейін К. мен оның екі кәмелетке толмаған баласының зорлық-зомбылық белгілері көрінетін мәйіттері табылғаны туралы ақпарат түседі.

"Бұл дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық аудандық полиция бөлімшесіне және көршілес өңірлердің Полиция департаменттеріне бағдарлар жолданды", - деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығы Бауыржан Әленов.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.