"Алаяқтықтың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды": Ринат Зайытовқа шабуыл жасалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Депутат Ринат Зайытов “алаяқтардың 80 пайызы намаз оқитындар” деген мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сұхбаттарының бірінде «Қазақстандағы алаяқтықтың 80 пайызын жасайтын қауым – намаз оқитын қауым» деген Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа ақпараттық шабуыл жасалып жатқан көрінеді.
Оның айтуынша, кейінгі екі күнде парақшасына екпінді ақпараттық және психологиялық шабуыл басталған.
Алайда депутат өзіне қарсы шыққандардың бәріне беретін бір-ақ жауабы бар екенін алға тартты.
Айтуынша, оны әлдебіреулер WhatsApp арқылы да қорқытпақ болған көрінеді. Бірақ олардан да шошып жүрмегенін айтқан депутат жұмысқа аптасына бес күн жаяу барып-келетінін, қолдарынан келсе сол кезде жолығуға болатынын ескертіп қойды.
Қаз
Рус






