Бір дөңгелегі жоқ автобус оқушыларды мектепке тасымалдаған

1 467

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Желіде бір дөңгелегі жоқ автобустың оқушыларды тасымалдап бара жатқан бейнежазбасы пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.


Аталған жағдай Атырау қаласына қарасты Жаңаталап ауылында болған. Ауылдағы оқушыларды мектепке ескі автобус тасиды екен.

«Жамбыл мектебінде екі-ақ автобус бар, оның біреуі істен шыққан, екіншісі бір күн жүрсе, бір күн тұрады. Курилкино, Химик, Зарослый және Бау-бақша елді мекендеріндегі балалардың күні осы сары автобусқа қарап тұр», – деді видео авторы Аслан Омаров.


Ал облыстық білім беру басқармасы өңірде алыс ауылдардан оқушы тасымалдайтын 49 көлік бар екенін мәлімдеді.

«Атырауда балалар автобусына 1,1 млрд теңге бөлініп, 23 автобус алу қарастырылған. Шалғай орналасқан алпыс елдімекеннен 4561 оқушы 49 көлікпен тегін тасымалданады», – деді басқарма басшысының орынбасары Орынтай Биманова.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.