Шенеунік орындалмаған жұмыс үшін бюджеттен 87 млн теңге жұмсаған

1 217

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Солтүстік Қазақстан облысының лауазымды тұлғалары орындалмаған жұмыс үшін қомақты қаржы жұмсаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекет пайдасына 87 млн теңге қайтарды.


Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, бюджеттік қаражатты пайдалану саласында жүргізілген талдау барысында мемлекеттік сатып алулар туралы  заңнама талаптарының дөрекі түрде бұзылғаны анықталды.


«Мамлют ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның талаптарына қарамастан, Покровка ауылында сумен қамту объектісінің құрылысы үшін шарт бойынша көлемі 87 млн теңге болған, шын мәнінде орындалмаған жұмыс үшін төлем жасаған», - делінген хабарламада.


Прокурорлық қадағалау актісі және Әдеп бойынша кеңестің ұсыныстары бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтің атына кір келтіргені үшін жұмыстан босатылды, ал негізсіз төленген қаражат толық көлемде қайтарылды.


Объекті құрылысының барысы бақылауға алынды. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.