Екі қыз дәмханаға келген жігіттерді тонап кетті

2 088

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақтөбеде екі қыз дәмханаға келген жігіттерді тонап кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Зардап шеккен жігіттердің айтуынша, кешкі ас кезінде олардың жанына екі жас қыз келген. Екі қыздың бірі жігіттердің досы болып шығып, олармен бірге тамақтанған. Біраз уақыттан кейін жігіттер ұялы телефондарын үстел үстіне қалдырып далаға шығып, қайтып келгенде қыздарды да, ұялы телефондарын да таппай қалған. Жәбірленушілер өздеріне келтірілген шығынды 83 мың және 180 мың теңгеге бағалаған.


"Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары арқылы күдіктілерді анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер кінәларын мойындады", - делінген хабарламада.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.