Еліміздегі зираттар цифрлана бастады

1 233

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Астанада марқұм болған адамдардың мәліметтері арнайы базада жасақталып, зираттары цифрланып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі хабарлайды.


Өткен жылы Астанада жерлеу және жерлеу ісі бойынша мониторинг жүргізіліп, талдау қорытындысы бірқатар проблема бар екенін анықтаған. 


“Биыл жыл басында қала әкімінің төрағалығымен жерлеу және жерлеу ісіне қатысты өзекті мәселелер бойынша жиналыс өтті. Соның нәтижесінде тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін (Абай көшесі, 10 мекенжайы) кеңсе ашылды. Мәйітке арналған жер телімдерін берудің ашықтығы, қызметтердің құнын төлеу, жерленген адамдарды іздеу, конфессияаралық қақтығыстардың алдын алу мақсатында қалалық Цифрландыру басқармасымен бірлесіп 28 зират цифрландырылды", - деді Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов қалалық мәслихат отырысында.


Бұл үшін zherleu.astana.kz сайтында мәліметтер базасы жасақталды.


Оның айтуынша, аталған сайт әзірге пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Аталған сайт цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан мақұлданғаннан кейін толық іске қосылады. Сондай-ақ жаңа зиратта бейнебақылау камераларын орнатуға және жедел басқару орталығымен интеграциялау мақсатында қаражат бөлінді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.