"Парламентте жағдайы жоқ депутаттар да бар" - Дәулет Тұрлыханов

1 945

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов мемлекеттік қызметте жүріп қанша жалақы алатынын айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Менің жалақым 700 мың теңге. Өз көлігіммен жүрмін. Қызметтік көлікті керек кезінде хабарласып шақыртамыз. Қызметтік пәтер береді мемлекет. Бірақ мен досымның пәтерінде тұрып жатырмын. Қазір 3 бөлмелі пәтер сатып алдым. Қызметтік пәтерлерді кезекпен алу керек. Оны аламын деген әріптестер көп. Жағдайым жетіп тұрғандықтан алмаймын деп шештім", - деді Тұрлыханов.


Сондай-ақ ол депутаттар арасында жағдайы жоқтары да бар екенін жеткізді. 


"Жағдайы жетпейтіндер де бар Парламентте", - деп қысқа қайырды депутат. 


Айта кетейік, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың ұлының үстінен адвокаттардың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.  Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты сот үкім шығарып, 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салған болатын. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.