Ресей Қазақстандағы орыс тілінің қолданылу аясын кеңейте түспек

1 554

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ресей сарапшылары Қазақстандағы орыс тілін білу деңгейін анықтамақ.- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан – негізінен орыстілді ел, - дейді Саяси технологиялар орталығының президенті.
Бастама «Шетелде орыс тілін қолдау және ілгерілету» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігіне қатысты әлеуметтік зерттеулерге тапсырыс беру бойынша жоспарланған. Бұл туралы «Ведомости» басылымы хабарлады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, олар 6 елде сауалнама жүргізуге 35 миллион рубль жұмсауды жоспарлаған.

Сауалнама Қазақстан, Израиль, Үндістан, Қытай, Куба және Египетте жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша әлеуметтанушыларға да орыс тілінің тартымдылығын арттыру үшін коммуникациялық компонент бойынша ұсыныстар дайындауға тапсырма беріледі. Олар Мәскеуде өтетін дөңгелек үстелде таныстырылмақ.

Саяси технологиялар орталығының президенті Борис Макаренконың айтуынша, «таңдалған елдерде орыс тіліне қызығушылық тарихи тұрғыдан жоғары».

Қазақстан – негізінен орыстілді ел. Жалпы, бұл – Ресейге салыстырмалы түрде жақын елдер. Сондықтан олардың бұл тілді үйрену дәстүрлері қалыптасқан, - деді ол.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.