Көлік жүргізген 13 жасар жасөспірім жол апатына түсті

1 624

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақмола облысында көлік басқарған 13 жасар жасөспірім жол апатын жасап, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақмола облысы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Зеренді ауданы аумағында "Көкшетау-Омбы" автожолының 24 шақырымында болған.


Анықталғандай, "Volkswagen Passat" автокөлігінің руліне отырған Қызылтан ауылының 13 жастағы тұрғыны жолдың бұрылар тұсында Көкшетау қаласынан Аймақ ауылы бағытында жүріп келе жатқан "Lada Priora" жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысып, жасөспірім "тобық тұсының соқысы, ми шайқалу" диганозымен ауруханаға жетікізлді. Сонымен бірге, оң қолынан соққы алған "Lada Priora" көлігінің жүргізушісі де дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Жасөспірімнің қасында 44 жастағы әкесі бірге болған.


"Осы оқиғаға байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 412-бабы (құжаттары және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.