Оқушы қызға азғындық жасады деп күдікке ілінген мектеп күзетшісі 15 тәулікке қамалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы қаласы Алатау ауданында оқушы қызға азғындық әрекет жасау фактісі бойынша мектеп күзетшісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ата-аналардың бірі әлеуметтік желіде оқиғаның қалай болғанын айтқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиғаны баяндаған әйелдің бейнежазбасы Instagram-дағы танымал пабликтердің бірінде жарияланды. Автордың сөзінше, Алатау ауданындағы 160 мектептің күзетшісі мас күйде 6 сынып оқушысына тиісіп, азғындық әрекетке барған.
Әйелдің сөзінше, мектеп директоры әлі күнге қыздың ата-анасына хабарласып, мән-жайды сұрамаған. Тек кабинетіне жалғыз келуін өтінген.
Сондай-ақ автор бұл жайт туралы үш күндей ешкім білмегенін және мұндай жағдай бұрын да болғанын айтады. Оқиғаға қатысты Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Ал Алматы қаласы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, күдіктіге қатысты жедел шара қолданылған.
Ведомство қазіргі таңда күзетшіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті 15 тәулікке қамалғанын растады.
Қаз
Рус






