Қазақстандық әскерилер Таяу Шығысқа жөнелтілуі мүмкін
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстандық әскерилер Голан жоталарына бітімгершілік миссиясына жөнелтілуі мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл Таяу Шығыстағы аумақтың атауы, оның басым бөлігін Израиль, ал қалғанын Сирия басқарады.
Бұл туралы Мәжілісте қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәлімдеді.
Бұл ретте Газа секторындағы қақтығысқа қазақстандықтардың қатысуы туралы сөз жоқ. Қорғаныс министрлігі басшысы бұл мәселеде біздің елден көмек сұралмағанын атап өтті.
Қаз
Рус






