46 миллион теңгені жымқырған мектеп есепшісі сотталды

1 504

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы прокурорлары мектептердің бірінде 46 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

"Дерек бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы соталды тергеп-тексеру бастады. Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады. Сот үкімі бойынша кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету") бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазған ведомествода.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.