Тойына ақша тапқысы келген ер адам мал ұрлығымен ұсталды

1 542

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақмолалық полицейлер мал ұрыларын ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Целиноград ауданының екі тұрғыны елордалық аумақта мал ұрлығымен айналысқан. Тергеу барысында ұсталғандардың екі фактіге қатысы бар екендігі дәлелденді. Аудандық полицияға ұсақ малды ұрлау туралы өтініштер 6 желтоқсанда келіп түсті. Бір жағдайда, жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің иесі, Талапкер ауылының тұрғыны, белгісіз адамдар 20 бас ұсақ мал ұрлап, 1 млн теңге шығын келтіргенін хабарлады. Екінші жәбірленуші, сол елді мекеннің тұрғыны, шабуылдаушылар жеке ауладан 5 бас ұсақ мал ұрлағанын айтты. Иесі залалды 300 мың теңгеге бағалады.


Екі факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. “Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Целиноград ауданы мен астананың аумағында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, нәтижесінде Қажымұқан ауылының екі тумасы анықталып, ұсталды. Тергеу іс-шаралары барысында ұсталғандардың елді мекенге, жалға алынған автокөлікпен келгені, малды ұрлап әкеткені, содан кейін сойғаны анықталды.


Заттай дәлелдемелер ретінде ұрланған малдың терілері, сондай-ақ ұсталғандардың сатуға үлгермеген үш тұтас еті тәркіленді. Осындай қылмыстық жолмен ұсталғандардың бірі, алдағы үйлену тойына ақша тапқысы келгені анықталды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.