Елімізде уақыт белдеуін өзгертуге қатысты соңғы шешім қабылданды

1 533

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ашық дерек көзіСауда және интеграция министрлігі бірыңғай сағат белдеуіне көшу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Министрлік мәліметінше, "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген.

"Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады", - делінген хабарлдамада.

Қаулы ресми түрде жарияланып, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.


Еске салайық, былтыр желтоқсанда "Ашық НҚА" порталында 2000 жылғы "Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы" қаулыға өзгерістер енгізетін Үкімет қаулысының жобасы жарияланған болатын.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.