Қызылордада адвокат аудандық білім бөлімінің және 13 мектептің есепшілерін бопсалаған

2 405

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ашық дерек көзіЖаңақорған аудандық сотының 21 қараша 2023 жылғы үкімімен облыстық адвокаттар алқасының адвокаты О. Курбанов 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде тергеу органымен О. Курбановқа ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі 2) тармағымен («Ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында қорқытып алушылық») айып тағылды. Аталған тұлға бірнеше рет ірi мөлшерде бөтеннің мүлкін мәжбүрлі түрде талап еткен. Талабы орындалмаған жағдайда жәбiрленушiлердің немесе олардың жақындарының мүддесіне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарататынын айтқан, – делінген хабарламада.

Адвокат 13 мектептің және аудандық білім бөлімінің бас есепшілерінен 6 млн 900 мың теңге талап етіп, бермеген жағдайда облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментіне арызданатындығын, одан әрі қылмыстық іс қозғалатындығын, салдарынан ауданның абыройы түсетіндігін алға тартқан.

Сотталғанның кінәсі жинақталған және сот мәжілісінде жан-жақты, толық, объективті бағаланып, сотта зерттелген тағы басқа іс материалдарымен толық дәлелденген.

Одан әрі іс апелляциялық сатыдағы сот алқасында 2024 жылдың 11 қаңтарында сотталған О. Курбанов пен оның адвокатының шағымы негізінде қаралып, нәтижесімен үкім өзгеріссіз, шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот алқасы үкім заңды және негізді, оның күшін жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ деп тапты.

Сот үкімі заңды күшіне енді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.