Тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз ер адам балаларды ұрып-соққан

1 587

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотЕлордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам үш балаға тап берді – балалардың бірін ұрып, кейін қылқындырғаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Видеролик Korganbekova VIBE Telegram арнасында жарияланды. 

Бейнежазбадан кіреберісте үш бала тұрғанын көруге болады. Оларға ер адам жақындап келіп, алдымен бір баланы жұдырықпен бір ұрған, сосын екіншісін тепкен, үшінші баланы қылқындырған. 

Жарияланым авторының айтуынша, видео кеше 4 ақпанда түсірілген. 

"Бір делқұлы кіріп келіп, бір баланы ұрып, екіншісін тепкілеп, үшіншісін қылқындырған. Мендегі мәлімет бойынша, балалардың бірінің әкесі бұзақыны іздеуге кірісті. Полицияға арыз берілді. Құқық қорғау органдарынан ақпарат күтіп отырмыз", - делінген жазбада. 






OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.