Суға батып кеткен балықшы үш күннен бері іздестіріліп жатыр
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қарағанды облысында 39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әліде жалғасып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылдың 3 ақпанында Қарағанды облысында Молодежный ауылының маңында балық аулау кезінде үш балықшы мінген көлік мұзға құлап кеткен. Екі балықшы өз бетімен шығып үлгерген, медициналық көмек қажет болмады. Ал 39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әліде жалғасып жатыр.
Қаз
Рус






