15 жасар қыз сабақ үстінде қайтыс болды

1 631

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

8-сынып оқушысы үйінен белгісіз дәрі ішіп келгенін құрбысына айтқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Низамхан орта мектебінің 8-сынып оқушысы үйінен белгісіз дәрі ішіп келген.

Бұл жайында ол құрбысына айтқан. Содан екінші сабақта есінен танып қалған.

Тарих пәнінің мұғалімі мен сынып жетекшісі жедел жәрдем қызметін шақырған. 

«Мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдем қызметкерлері зонт арқылы асқазанын шайды. Оқушы өзін жайсыз сезінгендіктен ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, 2009 жылы туған жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр» делінген ведомство ақпаратында.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.