Үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті

1 588

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фотоны куәгер оқиға орнынан жібердіАлматыдағы Райымбек даңғылында үш автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды. Апат салдарынан зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Куәгердің айтуынша, жол апаты салдарынан тұрғындар жарақат алған.


"Қатарынан үш автобус келе жатты. Бірінші автобус тежегішін басқан кезде, екіншісі оған келіп соқтығысты. Ал үшіншісінің жүргізушісі алдыңғы автобусқа соғыспау үшін бұрылды. Алайда ол да автобус пен жеңіл көлікке соғылды", – деді куәгер.


Куәгердің сөзінше, бірнеше адам зардап шеккен. Жолаушылардың бірінің аяғы сынған.


Полиция мәліметіне сәйкес апат 13 ақпанда таңертең 09:00 шамасында болған. 


"Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан 54-бағыттағы автобус жүргізушісі алда келе жатқан 133-маршруттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысты. 133-ші автобус инерция салдарынан қатарлас келе жатқан 88-бағыттағы автобуспен соқтығысқан", – деп хабарлады полиция департаменті.


Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі. Оқиға дерегін Медеу аудандық ПБ қызметкерлері анықтап жатыр. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.