Жалған ақша беріп телефон сатып алған

1 567

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

© AP Photo / Kiichiro SatoЕлорда тұрғыны белгісіз адам қолдан жасалған ақшамен телефон сатып алғаны туралы арызданған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Жәбірленуші қосымша арқылы IPhone-13 телефонын 220 мың теңгеге сату туралы хабарландыру орналастырғаны анықталды.

Түнгі уақытта кездесу туралы келіскен сатушы, жігітке телефонды беріп, төлемді қолма-қол ақшамен алған.

Үйге келгенде ол ақшаның қолдан жасалғанын байқап, дереу полицияға хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері елорданың 26 жастағы тұрғынын анықтады.

Телефонды ол ломбардқа тапсырған, заттай дәлелдемелер тәркіленіп алынды. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.