Күйеуін пышақтап тастаған үш әйел сот алдында жауап берді

1 557

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Baltphoto /Валентин ЕгоршинШымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өкілдерінің мәліметінше, былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотқа 13 адам келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Олардың ішінде үш әйел бар.



"Мас күйінде ерлі-зайыптылар ұрысады, тіпті әйелдері күйеулеріне пышақ сұғып алған жағдайлар болған. Мұндай үш жағдай тіркелді. Бәріне ішімдік кінәлі деп санаймыз", - дейді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айнель Орақбаева.


ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері елде тұрмыстық жанжал туралы төрт мыңнан аса хабарлама тіркелген. Агрессорлардың көпшілігі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Отбасылық қақтығыстардың себептері маскүнемдік, лудомания, моральдық және этикалық қағидалардың бұзылуы екен.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.