Өмірін қатерге тігіп күшікті құтқарған ер адам желі қолданушыларын тәнті етті

1 630

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/kris_p_almata/Ер адам Алматы каналдарының біріндегі мұзды шұңқырға құлаған күшікті құтқарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өзіне қауіп төнгеніне қарамастан ол жұқа мұз үстімен шұңқырға жетіп, итті жағаға шығарып алды. Күртешесіндегі жазуға қарағанда, ол – жергілікті электр желісі компаниясының энергетика маманы.


Видео кейіпкерінің жанындағы адамдар мұзды суға шомылғаннан кейін қатып қалмас үшін күшікті жібермеуді сұрайды. Сонымен қатар олар енді ер адамды әкімдікке шақырып, мадақтама тапсырады деп әзілдеген. Кадр желіге тарап кетті. Ер адамның әрекеті оқырмандарды тәнті етті. Олар мұндай әрекет құрметке лайық деп санайды.



“Бұл – батырлық және өте мейірімді адамның әрекеті! Оған жасаған жақсылығы еселеніп қайтады! Жарайсың дегеннен басқа айтар сөз жоқ! Нағыз еркек!”, “Қандай керемет жігіттер! Кадр сыртындағы дауыс күшікті жібермеуді сұрап тұр”, “Мұз жарылып кетпесе екен деп уайымдадым”, “Адамгершілік! Сізге бар жақсылықты тілеймін”,- деп жазды адамдар видеоның астына.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.