ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты

322

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шығыс Қазақстан облысында үш көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. 

Адам өліміне алып келген жол көлік оқиғасы 18 шілде күні 15.00 шамасында Үржар өңіріндегі Мақаншы - Жалаңашқұл тас жолының 128/22-ші шақырымында болды. 
Апатқа үш көлік қатысқан: Geely, Kia Sportage және Lada.


 Салдарынан Geely жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жасар ұлы, сонымен қатар Lada жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы қаза тапты.


Екі көліктің жүргізушілері мен Geely-дің жолаушысы дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген. 


Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі ("Жол ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 


Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы нақтыланып жатыр. 
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.