Балалар үйлеріне қайтарылған бала саны көбейген
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстанда балалар үйлеріне қайтарылған бала саны көбейген. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерболат Саурықов көңіл көншітпейтін статистиканы айтты: 2021 жылы Қазақстанда 197 бала, 2022 жылы 217 бала балалар үйіне қайтарылды.
Вице-министр Еділ Оспан мұндай деректер барын және олардың саны шынымен артып отырғанын растады.
Шенеунік Қазақстанда кәсіби патронат отбасылар институтын енгізуді жоспарлап отырғандарын еске салды. Бүгінде Мәжілісте балалар құқығын қорғау туралы заң жобасы бар, оның аясында бұл мәселе талқыланып жатыр.
Қаз
Рус






