4 жасар бала қар суына батып кетті

1 592

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: freepik.comАқтөбеде 4 жасар бала ауыл маңындағы сайға жиналған суға батып кетті. Қайғылы жағдай Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті ауылында орын алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға сағат 13:00 шамасында тіркелген, ойнап жүрген баланың құлап, су жұтып қойғаны айтылды.


"Ебейті ауылының жанында Ебейті сайы бар. Оған қар суы жиналып жатыр. Бүгін 2020 жылы туған 4 жасар бала суға батып, қайтыс болды. Балалар сол маңда ойнаған",- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Оның жанында болған тағы бір бала дін аман. Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің айтуынша, сай ауылдан 150 метр жерде орналасқан, тереңдігі шамамен 10-15 см болады. Ол жерде ауылдағы ағайындалардың балалары барып ойнаған. Ебейті ауылы су басу қаупі бар ауылға жатпайды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.